Елордада апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады

Елордада апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады

Демалыс күндері 11 маусым мен 5 қараша аралығында елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Демалыс күнгі жәрмеңкелерге 40-тан астам жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік өндірушілердің өкілдері қатысады. Жәрмеңкеде көкөністердің негізгі түрлері, ет және сүт өнімдері, бакалея, балық, бал ұсынылады. Тауарлан қаладағы базарлардың бағасынан төмен бағамен сатылатын болады.

Жәрмеңке маусымы барысында фермерлер мен ауыл шаруашылықтардың аймақтық жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңке Тұран даңғылы 48 мекен-жайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы көлік тұрағында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Astana» ӘКК» АҚ жәрмеңкеге қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Барлық сұрақтар бойынша 55 29 51 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Posted in Жаңалықтар on Jun 08, 2022