Елордада апта сайын өткізілетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде қантты 480 тг алуға болады

Елордада апта сайын өткізілетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде қантты 480 тг алуға болады

Аталған жәрмеңке өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өнім бағасы нарықтық бағадан 10-20% - ға төмен саудаланады. Сонымен қатар, әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері жәрмеңкеде бір келі қантты 480 тг көлемінде сатып алуға мүмкіндік бар. Өтетін орны – Тұран, 48 мекен-жайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң. Келесі жәрмеңке 10 және 11 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен өтеді. Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін жалғасады.

Posted in Жаңалықтар on Sep 06, 2022