Елордада 2-3 шілде күндері апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Елордада 2-3 шілде күндері апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Қатысушылар: жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік өндірушілердің өкілдері.

Ұсынылды: көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнідері, балық, бал және т.б. азық-түлік тауарлары.

Халық көп тұтынатын азық-түлік тауарлары Нұр-Сұлтан қаласындағы базар нарқынан төмен бағада саудаланды.

Тауар өндірушілер мен тұтынушы үшін таптырмас жәрмеңке қос тарапқа да тиімді. Тұрғындар таза жергілікті тағамдарға қол жеткізсе, кәсіпкерлер өнімін өткізетін тегін алаң табылғанына қуанышты.

Аймақтық фермерлер мен ауыл шаруашылықтардың жәрмеңкесі тамыз айынан бастап өткізіледі деп жоспарлануда.

Жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері «Астана-Арена» стадионының көлік тұрағы аймағында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытта өтеді.

Posted in Жаңалықтар on Jul 03, 2022