Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен "Astana "ӘКК" АҚ қызметкерлерінің Түркістан облысына жұмыс сапары нәтижесінде елордаға 40 тонна қырыққабат әкелінді. Оңтүстік өңірдің алқаптарынан қырыққабат "Шапағат" базарының сөрелеріне келіп түсті. Бұл Түркістан облысынан әкелінген қырыққабаттың алғашқы партиясы. ⠀
Айта кетейік, қырықабатты көтерме және бөлшек сатып алуға болады. ⠀
Бүгінде елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 30 мың тонна ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша келісімшарттар жасалды. Оның 15 мың тоннасы картоптың, сәбіздің, пияздың, қырыққабаттың бағасын тұрақтандыруға бағытталған. Берілген жеңілдікті қарыздар бойынша көкөніс бағасын шілде айына дейін тұрақтандыру жоспарланған. Қазір азық-түлік көлемін және сату кезеңін ұлғайту үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде.