Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың төрт ауданындағы коммуналдық қызметтердің алдағы қысқа дайындығын тексеріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника мен 3,5 мың қызметкер жұмылдырылады.

А. Көлгінов әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп аулаларды тазалау жұмыстарын күшейту қажет. Құм-тұз қоспасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімі қызметкерлерге жағдай жасау керектігін атап өтті. Мәселен, жалақыны уақытылы төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру, техниканы жаңарту. Қосымша 100-ден астам техника сатып алу жоспарлануда. Арнайы техниканы сатып алу "Астанаэнергосервис" акционерлік қоғамының үнемделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады. А. Көлгінов қызметкерлерге игі еңбектері үшін алғысын білдірді. Жұмысшылардың күнделікті еңбегі нәтижесінде қаламыз таза әрі жайлы.

Posted in Жаңалықтар on Oct 26, 2019