2025 жылғы 20 тамыз күні сағат 10:00-де онлайн аукцион өтеді. Негізгі лот – Есіл ауданы, А. Бөкейхан көшесі, 52-үй мекенжайында орналасқан пәтерлер. Олардың сипаттамаларымен және бастапқы бағаларымен мына жерден танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 05 тамыз сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 20 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады.
Айта кетейік, бұл – сауда-саттықтың үшінші кезеңі. Осы кезең аясында аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі және активтерді алғашқы жарнаны енгізгеннен кейін қалған сомаға 5 (бес) жылға дейінгі бөліп төлеу шартымен жүзеге асырылады. Кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісі (NPV) қолданылады. Бұл ретте алғашқы жарнаның мөлшері актив құнының кемінде 60% (алпыс пайызы) болуы тиіс. Жеңімпаз активтің ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы болып танылады.
Байқауды өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «SPK «Astana» АҚ-ның байланыс деректері
Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет электрондық пошта: info@astana-spk.kz