"DELTA" және "AIQYN" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен коммерциялық үй-жайлар

"DELTA" және "AIQYN" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен коммерциялық үй-жайлар

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ электрондық сауда алаңында (www.gosreestr) бағасын арттыру әдісімен өтетін онлайн аукцион арқылы сатылатын пәтерлер мен коммерциялық үй-жайлар бойынша өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды. Нысандар "DELTA" және "AIQYN" тұрғын үй кешендерінде орналасқан. Лоттар туралы толық сипаттама мен бастапқы бағалармен мына жерден таныса аласыз.

Аукционға қатысуға өтініштер www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 11 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 30 шілде сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 30 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

Үшінші аукцион активтерді бастапқы жарна төленгеннен кейін қалған сомаға 5 (бес) жылға дейін бөліп төлеу шартымен, кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып, бағасын арттыру тәсілімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60% (алпыс пайызы) болуы тиіс. Жеңімпаз ретінде ең жоғары баға ұсынған қатысушы танылады.

"СПК "Astana" АҚ-на конкурс өткізу және өтініш беру мәселелері бойынша хабарласу үшін байланыс деректері:

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электронды пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 11, 2025