«DELTA» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АУКЦИОННЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

«DELTA» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АУКЦИОННЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

«Delta» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары 2025 жылғы 22 шілде күні сағат 10:00-де өтетін онлайн-аукционға қойылды. Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 2 шілде сағат 08:00-ден бастап 22 шілде сағат 08:00-ге дейін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы (www.gosreestr.kz) қабылданады.

Аукционның екінші кезеңі ай сайынғы төлем шартымен, 2 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен, бағаны арттыру әдісімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 50% болуы тиіс. Ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

АО «СПК «Astana» мекенжайы және байланыс деректері: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 05, 2025