«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ электрондық аукцион арқылы бағаны көтеру әдісімен сатуға қойылған бес тұрғын емес үй-жай бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Нысандар Нұра ауданында, Ж.Молдағалиев көшесі, №1, №3 және №5 үйлерде орналасқан. Толығырақ сипаттамалармен Корпорация сайтында танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер www.gosreestr.kz веб-порталында. 2025 жылғы 16 мамыр сағат 08:00-ден 3 маусым сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион өткізу күні: 2025 жылғы 3 маусым, сағат 10:00-де.
Байланыс үшін «Astana» ӘКК» АҚ: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz
Назар аударыңыз! Бұл екінші аукцион, активтерді ай сайынғы төлеммен 2 жылға дейін бөліп төлеу шартымен сатып алуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарна мөлшері – актив құнының кемінде 50% болуы тиіс. Жеңімпаз – ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы.