2025 жылғы 23 шілдеде онлайн аукцион өтеді, оған автотұрақ орындары мен коммерциялық емес ғимарат қойылған.
Лот №1 – Автотұрақ орындары Орналасқан жері: «Green Town» тұрғын үй кешені, Күлтегін көшесі, 4-үй Бастапқы баға: 2 084 580 теңгеден.
Лот №2 – Коммерцияға арналған нысан Орналасқан жері: «DELTA» тұрғын үй кешені, Молдағалиұлы көшесі, 5-үй. Аумағы: 103 ш.м. Бастапқы баға: 75 551 110 теңге. Қарапайым әрлеуде.
Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 3 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 23 шілде сағат 08:00-ге дейін www.gosreestr мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қабылданады.
Айта кетейік, бұл аукционның үшінші кезеңі, онда сауда-саттық бағасын көтеру әдісі қолданылады. Активтер бастапқы жарнаны төлегеннен кейін қалған сомаға 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен іске асырылады және кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісі (NPV) қолданылады. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз ретінде активтің ең жоғары жалпы құнын ұсынған қатысушы танылады.
АО «СПК «Astana» мекенжайы мен байланыс деректері (конкурс өткізу және өтінім беру мәселелері бойынша): Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.