«СПК «Astana» АҚ бағаны көтеру әдісімен электронды аукцион арқылы сатылатын пәтерге өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 25 маусым сағат 08:00-ден бастап 15 шілде сағат 08:00-ге дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 15 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.
Лот туралы ақпарат:
Бір бөлмелі пәтер. Қарапайым әрленім. 8-қабатта орналасқан. Пәтердің ауданы – 36,4 шаршы метр. Бастапқы бағасы – 17 817 181 теңге. Мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Қазыбек би көшесі, 7/1-үй, «Dauir» тұрғын үй кешені.
Еске саламыз: Үшінші аукцион активтерді 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен, дисконттау әдісін (NPV) қолдану арқылы өткізіледі. Бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60% болуы қажет. Жеңімпаз – ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы болады.
АО «СПК «Astana» байқау өткізу және өтінім беру мәселелері бойынша байланыс мәліметтері:
Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.