Пәтерлер (паркингімен бірге) мен коммерциялық нысандар аукционның үшінші кезеңіне қойылды. Ол 5 қыркүйекте өтеді. Бұл дегеніміз – аукцион бастапқы жарнаны енгізгеннен кейін қалған сомаға 5 (бес) жылға дейінгі бөліп төлеу шартымен, дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып, бағаны көтеру әдісімен өтеді. Алғашқы жарна актив құнының кемінде 60% (алпыс пайызын) құрауы тиіс. Жеңімпаз болып активтің ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы танылады.
Бірінші лот (пәтерлер + паркинг орындары) «Delta» ТК-де, Ж. Молдағалиев көшесі, 1, 2 және 3-үйлер мекенжайында орналасқан. Пәтерлер қарапайым әрлеуде ұсынылған. Ауданы 62,9 ш.м-ден 72,5 ш.м-ге дейін.
Екінші лот (коммерциялық нысандар) «Dauir» ТК-де, Қазыбек би көшесі, 7/1 үй мекенжайында орналасқан. Олар да қарапайым әрлеуде, ауданы – 105,6 ш.м бастап.
Лоттардың бағаларымен және толық сипаттамасымен мына жерде танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20.08.2025 ж. сағат 08:00-ден бастап 05.09.2025 ж. сағат 08:00-ге дейін қабылданады.
«Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс деректері Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к-сі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.