«Дар» ҚҚ-нан алғыс хат

«Дар» ҚҚ-нан алғыс хат

«Дар» қоғамдық қоры «Astana» ӘКК» АҚ ұжымына өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған «Жаңа жылдық ертегі» акциясын өткізуге көмектескені үшін алғыс хат жолдады.

Барлық балалар үшін ең басты мереке – Жаңа жыл қарсаңында «Дар» ҚҚ «Astana» ӘКК Басқарма төрағасына қайырымдылық акциясын ұйымдастыру үшін демеушілік көмек көрсету туралы өтініш білдірді. «Astana» ӘКК ұжымының бірыңғай ұстанымы мен ұйымшылдығының арқасында Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Нұр-Сұлтан қаласының аз қамтылған отбасыларының балаларына мереке алдында сыйлықтар таратылды.

«Дар» ҚҚ-ның сайтында әр түрлі балалар ұйымдарында өткен жаңа жылдық ертеңгіліктердің фотоесептері жарияланған. Балалардың шаттық пен қуаныштан күлімсіреген жүздерін фотосуреттерден көруге болады. «Дар» ҚҚ сияқты ұйымның күш-жігерінің арқасында өмірдің қиындығына қарамастан, ғажайыптарға деген сенім кішкентай жүректерде өмір сүретініне сенімдіміз.

«Astana» ӘКК ұжымы өз кезегінде «Дар» қоғамдық қорына қоғамымыздың ең қорғалмаған және осал мүшелеріне – мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына қуаныш әкелетін маңызды істің бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

Posted in Жаңалықтар on Feb 25, 2020