«COMFORT TANDAU» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕН ЕКІ ПӘТЕР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ҚОЙЫЛДЫ

«COMFORT TANDAU» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕН ЕКІ ПӘТЕР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ҚОЙЫЛДЫ

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ электрондық аукцион арқылы бағаны көтеру әдісімен сатуға қойылған пәтерлер бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Аукцион www.gosreestr.kz веб-порталында өткізіледі. Лот №1 – ауданы 43,1 ш.м., бастапқы бағасы 15 643 451 теңге. Лот №2 – ауданы 24,5 ш.м., бастапқы бағасы 11 915 378 теңге.

Екі пәтер де қарапайым әрлеуде, Нұра ауданы, Е103 көшесі, 1/1-үй мекенжайында орналасқан.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 19 мамыр сағат 08:00-ден бастап 5 маусым сағат 08:00-ге дейін. Аукцион өткізу күні: 2025 жылғы 5 маусым, сағат 10:00-де.

Байланыс үшін «Astana» ӘКК» АҚ: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Назар аударыңыз! Үшінші аукцион активтерді 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен өткізілетін болады. Бұл ретте базалық мөлшерлеме Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шешім қабылдаған күнгі ставка негізінде есептеледі. Бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 30% болуы тиіс. Жеңімпаз – ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы.

Posted in Жаңалықтар on May 19, 2025