«Comfort Land» инвестициялық жобасы – бизнеске жаңа мүмкіндіктер!
«Astana» ӘКК» АҚ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын өндірістік аймақтарды дамыту жұмысын жалғастыруда. «Астана-Жаңа қала» АЭА аумағында жүзеге асырылатын «Comfort Land» жобасы аясында жиһаз кластері мен онымен байланысты салаларды дамытуға жағдай жасалуда.
Бірінші кезең: құрылыс материалдарын өндіруге арналған жалпы ауданы 2,8 мың шаршы метрге дейінгі өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысы. Орналасуы: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Индустриялық парк, №101 және А344 көшелерінің қиылысы.
Егер өндірістік ғимараттарды жалға алуға қызығушылық танытсаңыз, алдын ала өтінімді біздің электронды поштаға жіберіңіз: info@astana-spk.kz.