Биыл «Astana» ӘКК» АҚ 24 жобаны жүзеге асыруға келісімшарттар бекітті

Биыл «Astana» ӘКК» АҚ 24 жобаны жүзеге асыруға келісімшарттар бекітті

https://elorda.info/newsqaz/12112020/141818/47779.html

Биыл «Astana» ӘКК» АҚ 54 миллиард теңгеге жуық жалпы сомаға азаматтық және коммерциялық құрылыс, спорт және денсаулық сақтау, тауарлар және қызметтер, көлік инфрақұрылымы және білім саласында 24 жоба бойынша бірлескен қызмет туралы 24 келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы өңірлік даму институты саналады. Оның жалғыз акционері – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне тиесілі. Дамыған елдердегі сияқты бірқатар мемлекеттік активті біріктірген және жергілікті жерлерде бизнес бастамаларды дамытуға бағытталған компаниялар құрылды. «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 2006 жылы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қайта құру жолымен құрылды.

Қазір компания стратегиялық серіктестерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс істейді, қарауға түскен идеяларға талдау жасайды, бұл ретте оларды жүзеге асырудың барынша қолайлы және тиімді жолдарын анықтайды.

Бүгін «Astana» ӘКК» АҚ корпоративтік құрылымына жарғылық капиталға қатысуы 50 және одан көп пайызы бар 15 ұйым кіреді. Еншілес ұйымдарды басқару бөлігіндегі маңызды міндеттер: қаржылық тұрақтылықты нығайту, қаржылық теңгерімді қамтамасыз ету, қаржылық құралдарға (лизинг, несие желілері) қолжетімділікті жеңілдету саналады.

«Astana» ӘКК» АҚ өзінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен сенімді басқаруға берілген коммуналдық мүлікті басқарады. Коммерциялық қызмет үшін тұруға арналмаған бөлмелер кәсіпкерлік субъектілеріне аукцион арқылы беріледі: сұранысқа иелері – ағылшын әдісімен, азырақ сұранысқа ие бөлмелері – голланд тәсілмен.

«Astana» ӘКК» АҚ – меншікке және сенімді басқаруға берілген коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қаулылары негізінде сенімді басқаруға және «Astana» ӘКК» АҚ жарғылық капиталын арттыруға 39 098 шаршы метр тұруға арналмаған бөлмелер берілді.

Мүлік берудің негізгі мақсаты – басқару тиімділігін арттыру және тұруға арналмаған бөлмелердің құқық белгілейтін құжаттарын қалпына келтіру. Бұл бөлмелердің 14 612 шаршы метрі жалға берілді. 28 500 000 теңге ай сайынғы төлемімен тұруға арналмаған бөлмелерге 115 келісімшарт бекітілді.

Айтпақшы, биылғы жылдың қазанының басындағы жағдайға сәйкес, әлеуметтік жобалар бойынша жалпы аумағы 7 568 шаршы метр бөлмелерге 43 келісімшарт бекітілді. Коммерциялық жобаларды жүзеге асыру аясында 7 044 шаршы метр беруге 72 келісімшарт бекітілді. Кәсіпкерлерге құлаққағыс – тағы 15712 шаршы метр бос қалып отыр.

Айта кететіні, бөлмелерді беру үдерісі «Smart Astana» электрондық порталын пайдалану арқылы ашық әрі транспарентті сипатта жүзеге асады.

Инвестициялық жобалары іске асыру

Шағын және орта бизнесті қолдау аясында, тартылған инвесторлар ақшасы есебінен толық қаржыландырылатын инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында, ӘӘК «Бір терезе» қағидаты бойынша, мемлекеттік меншікте болған жағдайда жергілікті атқарушы орган шешімімен жер учаскесін рәсімдеп, алып беруді қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, инвестор келісімшартық қатынастар шеңберінде өз қаражатына жобалық-сметалық құжаттаманы, құрылыс-монтаж жұмыстарын және нысанды пайдалануға беруді әзірлейді, барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, бұған қоса жер учаскесіне жер пайдалану құқығын рәсімдеу және сатып алу бойынша шығыстарды төлейді.

Жобаларлы ӘӘК-пен бірлесіп іске асыру инвесторға нарықта немесе аукционда артық ақша төлеудің орнына жер учаскесіне біршама ақша үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірлескен жұмыс инвесторға жер учаскесін рәсімдеуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жер учаскесін рәсімдеу процесі аясында құзырлы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен түрлі келісулер бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюрократиялық үдерістерді болдырмайды.

Осындай жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде қала бюджеті салық төлемдері түрінде түсімдер алады, жұмыс орындары ашылады, инвестициялық климат жақсарады және өңірдің инвестициялық тартымдылығы артады, бұл ӘӘК қызметінің негізгі мақсаты саналады.

Биыл «Astana» ӘКК» АҚ 54 миллиард теңгеге жуық жалпы сомаға азаматтық және коммерциялық құрылыс, спорт және денсаулық сақтау, тауарлар және қызметтер, көлік инфрақұрылымы және білім саласында 24 жоба бойынша бірлескен қызмет туралы 24 келісімшартқа қол қойды.

Атап айтсақ, тұрғын үй құрылысы саласында – 8 жоба, коммерциялық құрылыс (БО, қонақүйлер және т.б) – 4 жоба, спорт және денсаулық сақтау саласында – 2 жоба, тауарлар мен қызметтер нарығында – 5 жоба, көлік инфрақұрылымы сегментінде – 3 жоба, білім беру саласында – 1 жоба. Тағы бір әлеуметтік жоба – жұқпалы аурулар ауруханасын орналастыруға арналған дайын модульдік конструкция.

Тұрақтандыру қоры

«Astana» ӘКК» АҚ 2017 – 2020 жылдар аралығында маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында жалпы 12 450 тонна көлемінде картоп, сәбіз, қант, күріш, қарақұмық, 1 сұрыпты ұн сияқты тауарларды сатып алды. Бұның бәрі отандық өндірушілерден сатып алынды.

Тауарлар «Астықжан», «Вкусмарт», «Aqmol», «Кеңмарт», «Азат», «Magnum Сash&Сarry», «Small», «Шапағат» сияқты қаланың сауда нысандары мен базарларында нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан сатылды.

Еске салсақ, 2020 жылдан бастап бағалар өсімін ұстап тұру бойынша жұмысқа өндірушілерді, сауда желілері иелерін тартудың жаңа механизмі іске асты.

Келісімшарт қатынастары тұжырымының арқасында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 18 түрінің бағаларын тұрақтандыру жүзеге асуда. Жобаға жоғарыда аталған сауда нысандары – «Астықжан», «Вкусмарт», «Aqmol», «Кеңмарт», «Азат», «Magnum Сash&Сarry», «Small», «Шапағат» базары қатысады.

Жалпы, стратегиялық маңызды тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша бағдарламаны іске асыру оң нәтиже көрсетіп отыр: сауда желілерінде бекітілген бағалар қала бойынша орташа бағадан 15-25%-ға төмен, бұл да бағалардың қалған сауда желілерінде 5-10%-ға төмендеуіне әсер етті.

Шағын және орта бизнес – астана экономикасының басты қозғалтқышы

Ғаламдық пандемия қоғам өмірінің көптеген саласына кесірін тигізді. Қатаң карантин шараларының енгізілуіне байланысты астана экономикасының басты қозғалтқышы – шағын және орта бизнес зардап шекті, базарлар, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану нысандары, демалыс орталықтары ұзақ уақытқа қызметін тоқтатты.

«Astana» ӘКК» АҚ елдегі төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлердің қиын жағдайын түсініп, қосалқы жалға алушылардың 15 926 000 теңге сомасына биылғы 20 наурыз бен 19 маусым аралығында 308 жер учаскесі бойынша төлемдерін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Көше саудасының кейпін жақсарту мақсатында қала сәулетінің ерекшіліктерін ескере отырып, сауда павильондарының бірыңғай эскиз жобасы әзірленіп, бекітілді.

Жер учаскелерін қосалқы жалға алу келісімшарттарына сәйкес, ШОБ субъектілері 434 сауда павильонын, 117 маусымдық нысан орнатты, ал 116 учаске бойынша сауда павильондарын орнату және инженерлік коммуникацияларға қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Бұға қоса, заңсыз сауда нысандарын анықтау бойынша меморгандар жұмысын жеңілдету мақсатында Нұр-Сұлтанда 2018 жылдан бері сауда нысандарының QR-кодтары енгізілді. Олар жер учаскесінің орналасқан жерін анықтау үшін павильон меншік иесінде қосалқы жалға алу келісімшарты, нысаналы мақсаты, аумағы мен инвентарлық номерінің бар екені туралы ақпараттан тұрады.

«Astana» ӘКК» АҚ 2019 жылдан бері www.gosreestr.kz порталында электрондық форматты пайдаланады. Ол адам факторын жою жолымен жер учаскелері бөлінуінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, онлайн режимде қатысушылардан өтініштер қабылдауға және аукциондар өткізуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің идеясына сәйкес, бизнес әлеуметтік жауапты болуы тиіс. «Astana» ӘКК» АҚ былтырдан бері Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП-мен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында 22 жер учаскесін бөлді.

Аралық қорытынды

Көше саудасын жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласында сауда павильондарын орналастыру жобасын жүзеге асыру кезеңінде кәсіпкерлікті дамытудың оң қарқыны байқалады. Олардың көбі отбасылық бизнес ұйымы саналады және жұмыссыз халықтың өз-өзін жұмыспен қамтуын дамытуға ықпал етеді. Бүгін 1700 астам жұмыс орны ашылып, 1 100 000 000 теңгеден астам жекеменшік инвестиция тартылды. Бұл шаралар жергілікті бюджетке салық түсімдерінің түсуін арттыруға ықпал етеді. Ал бұл өз кезегінде көше саудасын одан әрі ашық және мемлекет тарапынан бақыланатын етеді. Және де, әрине, бұл қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақсыздандыратын көлеңкелі экономикамен күресуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге «үй маңындағы дүкен» тұжырымы бойынша, тауар өндірушілерден өнімдерді тікелей алып сату мақсатында сүт дүкендерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлу жоспарланып отыр. Дүкендер аумағы 50-80 шаршы метр аралығында құбылады. Қазір жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру бойынша жұмыстар басталып кетті.

iQala қалалық қызметтер орталығы

Елорда бірінші болып «Астана-АЭК» АҚ, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС, «АстанаЖылуТранзит» АҚ, «АстанаСуАрнасы» МКК, «АстанаЕРЦ» ЖШС, «Clean city» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК монополистерінің қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктірді.

«Astana» ӘКК» АҚ іске асыратын «iQala» жобасы бизнесті қолдау, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайту және мемлекеттік қызметтерде цифрландыруды енгізу бойынша Президент жолдауында қойылған міндеттерді шешеді.

Бұған дейін жарық, су, жылу мен қоқыс шығаруға қосылу бойынша келісімшарт бекіту үшін жеке және заңды тұлғаларға әр монополистке жеке-жеке бару керек болатын. Қазір бұны iQala фронт-кеңсесінде «бір терезе» қағидаты бойынша немесе ЭЦҚ көмегімен үйден шықпай-ақ бір өтінішпен www.iqala.kz порталында жасауға болады.

Сондай-ақ орталықта кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін инженерлік желілер мен коммуналдық қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру қызметі онлайн режимде көрсетіледі.

Бұрын қызметтер көрсету регламенті болмаған, және өтініш беруші монополистерге қайта-қайта қоңырау шалып, құжаттардың дайындығын ара-тұра біліп тұруы тиіс болған. Қазір құжаттардың дайындығы туралы смс-хабарлама өтініш берушіге үш күн ішінде келеді. Өтініш беруші қол қойылған келісімшартты iqala.kz порталындағы жеке кабинетінен алады.

Қазір iQala жеке және заңды тұлғаларға тікелей 132 қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін көрсетілетін қызметтердің жалпы санын 151-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Орталық ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 50 000 астам қызмет көрсетті.

Осылайша, «Astana» ӘКК» АҚ өзінің күнделікті қызметінде мемлекеттік және жекеменшік секторларды шоғырландыру арқылы кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жасалуын қамтамасыз етеді, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарық құруға ықпал етеді, өңірімізге инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастырады, астананың әлеуметтік дамуына бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады.

https://elorda.info/newsqaz/12112020/141818/47779.html

Posted in БАҚ біз туралы on Nov 24, 2020