Қоғам Басқармасының 08.05.2025 жылғы (№28 хаттама), 05.11.2025 жылғы (№64 хаттама) және 05.02.2026 жылғы (№7 хаттама) шешімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекітілген және қолданыстағы Қоғам Қағидаларының 8-бөлімінің 8.3-тармағына сәйкес, ашықтықты қамтамасыз ету және барлық әлеуетті Инвесторларға тең мүмкіндіктер беру мақсатында жалпы ауданы 1,1191 га, кадастрлық нөмірі: 21-324-062-2004, мекенжайы: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А196 және №93 көшелерінің қиылысы маңында орналасқан жер учаскесінде Кіші өнеркәсіптік аймақ салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру үшін Инвесторларды іріктеу бойынша конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 12.02.2026 жылға дейін қабылданды.
Конкурс нәтижелері
«DI Elegant» ЖШС кеңселерді, сондай-ақ өндірістік және сауда алаңдарын жалға беру бойынша қызметтердің кешенін ұсынатын көпфункционалды кәсіпорын құру құқығын жеңіп алды. Аталған жобаның ерекшелігі – оны іске асыру жобаға қатысушы барлық тараптар үшін тиімді болып табылады. Өндірістік базаның ауданы – 6 500 ш.м.
Инвестициялар: 2 522 000 000 теңге.
Инновациялық технологиялар:
Өндірістің бүкіл процесін қадағалау мақсатында жеңімпаз толық цифрландыруға дейін («ақылды өндіріс») кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр:
• Жабдықтардағы IoT-датчиктер (температура, діріл, тозу);
• Цифрлық мониторинг панельдері;
• Ақылды жарықтандыру (LED + қозғалыс датчиктері);
• Жабдықтардан жылуды рекуперациялау;
• Интеллектуалды энергия менеджменті жүйесі (EMS);
• «Ақылды» камералар арқылы сапа мен өндірісті автоматтандырылған бақылау;
• Нұсқамалардың электрондық журналдары.
Жұмыс орындарының саны: 8.
Дисконттау мөлшерлемесі (WACC): 4%.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR): 4,96%.
Жобаның таза келтірілген құны (NPV): 110 084 мың теңге.
Қарапайым өтелу мерзімі (PB): 7,73 жыл.
Дисконтталған өтелу мерзімі (DPB): 9,4 жыл.