«Astana» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылжан Анарбекұлы елорданың энергия кешенінің еншілес ұйымдарын жұмыс сапарымен аралады. Энергиялық комплекске «Астана РЭК», «Астана Энергия», «Астана Теплотранзит» акционерлік қоғамдары жатады.
Күн тәртібінде кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйі, даму стратегиялары, сондай-ақ қазіргі уақыттағы проблемалық мәселелері қойылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қаланы абаттандыру бойынша еншілес ұйымдарға да жұмыс сапарлары жоспарланып отыр. Қоғамның еншілес мекемелері арасында бұл сұрақтармен «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Зеленстрой» ЖШС, «Астана Орманы» ЖШС айналысады.
Айта кетейік, Қоғам қызметінің негізгі бағыттарының бірі активтерді басқару болып табылады.