«Астана» ӘКК» АҚ алдағы референдум аясында бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
26 қыркүйекте «Астана» ӘКК» АҚ Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша алдағы референдум қарсаңында Астана қаласының кәсіпкерлері, сауда үйлері, нарықтардың өкілдері қатысты.
Кездесуде Қазақстанда АЭС салу мәселесі, оның қауіпсіздігі, халықаралық стандарттар және апаттардың алдын алу шаралары талқыланды. Шараға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, осы саладағы мамандардан жауап алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Референдум өткізу туралы жарлыққа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйегінде қол қойған.