Саудаға «Athletic City» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер мен «Baitas» тұрғын үй кешеніндегі коммерциялық үй-жай қойылды. Өтінімдер www.gosreestr мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында 2025 жылғы 22 шілде сағат 08:00-ден 2025 жылғы 8 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 8 тамызда сағат 10:00-де өтеді, сауда әдісі – бағаны көтеру арқылы 100% төлем шартымен.
Бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлер бар – барлығы қарапайым әрлеуде ұсынылған. Ең аз аумақ – 40,5 ш.м., ең көп аумақ – 132,4 ш.м. Тиісінше, олардың бастапқы бағасы: 21 477 555 теңгеден 63 773 902 теңгеге дейін.
Саудаға қойылған коммерциялық үй-жайдың аумағы – 144,5 ш.м. Ол да қарапайым әрлеуде, бірінші қабатта орналасқан. Бастапқы баға – 131 899 600 теңге.
АО «СПК «Astana»-ның конкурс өткізу және өтінімдерді қабылдау мәселелері бойынша байланыс деректері Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2-қабат, 241-кабинет; электрондық пошта: info@astana-spk.kz.