Астаналықтар жамбылдық тауарөндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін бағалады

Астаналықтар жамбылдық тауарөндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін бағалады

3 және 4 қыркүйек күндері Нұр-сұлтан қаласында"Астана-Арена" стадионының жанындағы арнайы алаңда Жамбыл облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде жалпы құны 423,2 млн. теңгені құрайтын 495,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Одан бөлек 4,8 млн. теңгені құрайтын 10 тонна қант жеткізілді.

Атап айтқанда, 47 тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой еті), 15 тонна тауық еті, 14 тонна шұжық өнімдері, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік өнімдер, 13,4 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 5,5 тонна сафлор майы, 336,1 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар.

Жәрмеңкеге келген елорда тұрғындары төмен баға мен өнімнің жақсы сапасын атап өтті.

Posted in Жаңалықтар on Sep 06, 2022