Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылуда!

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер сатылуда!

Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі - V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! 8-13 қыркүйек аралығында Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бас қосады. Бағдарламада қазақ күресі, көкпар, жамбы ату және басқа да 21 спорт түрі бойынша жарыстар бар.

Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйекте «Астана-Арена» стадионында өтеді, ал билеттердің бағасы 15 000-нан 50 000 теңгеге дейін. Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында және «Қазанат» ипподромында өтеді. Спорт түріне және жарыстың кезеңіне байланысты билеттердің бағасы 1 000-нан 15 000 теңгеге дейін өзгеріп тұрады.

Мектеп оқушылары (6-18 жас аралығында), зейнеткерлер, 5 жасқа дейінгі балалар (орынсыз) және I және II топтағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті билеттерді қажетті құжаттарды көрсету арқылы кассалардан сатып алуға болады.

Ресми оператордың www.zakazbiletov.kz сайтынан билеттерге тапсырыс беруге болады. Асығыңыз, билеттер саны шектеулі!

Posted in Жаңалықтар on Aug 27, 2024