АСТАНАДАҒЫ КОТТЕДЖ: АУКЦИОН 5 ТАМЫЗДА ӨТЕДІ

АСТАНАДАҒЫ КОТТЕДЖ: АУКЦИОН 5 ТАМЫЗДА ӨТЕДІ

Аукционның екінші кезеңіне Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ бөлігі), Лепсі көшесі, 45-үй мекенжайындағы коттедж қойылды. Алаңы: 1068,9 ш.м. Бастапқы бағасы: 279 512 484 теңге. Нысан үш қабаттан және цоколь қабатынан тұрады.

Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr 2025 жылғы 18 шілдеде сағат 08:00-ден 2025 жылғы 5 тамызда сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 5 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, бұл екінші аукцион, ол бағаны арттыру әдісімен өткізіледі. Активтер алдын ала төлемнен кейін қалған сома бойынша 2 жылға дейін бөліп төлеу шартымен жүзеге асырылады. Төлем ай сайын жүргізілуі тиіс. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы.

АО «СПК «Astana» конкурсты өткізу және өтінім беру мәселелері бойынша байланыс деректері:

Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электронды пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 18, 2025