"Астана" ӘКК" АҚ елордадағы тұрғын үй кешендерінде орналасқан коммерциялық үй-жайларды сату бойынша аукционға қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Өтінімдер Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) 2024 жылғы 14 қарашадан 5 желтоқсанға дейін қабылданады.
Аукционға Нұра және Алматы аудандарында орналасқан келесі объектілер қойылады:
-
Шапық Шөкин көшесі, 6-үй, н.п.13, ауданы 63,9 ш.м., бастапқы бағасы – 29 071 840 теңге.
-
Шапық Шөкин көшесі, 6-үй, н.п.3, ауданы 63,3 ш.м., бастапқы бағасы – 28 825 440 теңге.
-
Шапық Шөкин көшесі, 6-үй, н.п.4, ауданы 78,8 ш.м., бастапқы бағасы – 35 151 200 теңге.
-
Шапық Шөкин көшесі, 6-үй, н.п.9, ауданы 64,2 ш.м., бастапқы бағасы – 29 195 040 теңге.
-
Кенен Әзірбаев көшесі, 4/1-үй, н.п.4, ауданы 110,4 ш.м., бастапқы бағасы – 22 360 800 теңге.
Аукцион 2024 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10:00-де өтеді. Жеңімпаз ретінде ең жоғары бастапқы жарнаны ұсынған қатысушы танылады. Қажет болған жағдайда, активті екі жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған, бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері актив құнының 50%-ынан кем болмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу және өтінімдерді беру бойынша сұрақтар үшін "Astana" ӘКК" АҚ-на мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75 немесе мекенжай бойынша: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 704-кабинет.