Астанадағы экоакция: көше саудасының сауда павильондарындағы тазалық пен тәртіп

Астанадағы экоакция: көше саудасының сауда павильондарындағы тазалық пен тәртіп

2024 жылғы 8-12 сәуір аралығында 69 сауда павильоны аумағында сенбілік өткізілді:

  • Алматы ауданында 11 павильон жиналды;
  • Байқоңыр ауданында 10 павильон тазаланды;
  • Сарыарқа ауданында 32 павильон қатысты;
  • Есіл және Нұра аудандары 16 павильонды жинастырып, өз аумақтарын жақсартты.

2024 жылдың 1319 сәуірі аралығында экоакцияға тағы 44 павильон қосылды:

  • Алматы ауданында тағы да 11 павильон жиналды.
  • Байқоңыр ауданында тазалаудан өткен павильондар саны 16-ға дейін өсті.
  • Сарыарқа ауданында 9 павильон ретке келтірілді.
  • Есіл және Нұра аудандары да 8 павильонды жинастырып, өз үлестерін қосты.

Астана қаласында "1000 орын - көше саудасы" жобасы бойынша барлығы 328 сауда нысаны жұмыс істейді. "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы барысында 113 павильонда тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғындар мен кәсіпкерлердің тазалықты сақтау және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуының жарқын үлесі деп білеміз.

Posted in Жаңалықтар on Apr 22, 2024