Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс шектеледі

Астанада ШЫҰ кезінде қандай жолдарда қозғалыс шектеледі

Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитін өткізуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отырғанын хабарлайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты:

3 шілде күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіндегі көпірге дейін (М-3);

4 шілде күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін Нәжімеденов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылынан Аманжолов көшесіне дейін, одан әрі Аманжолов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және Байтұрсынов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

0d8df8cf5a5b81c2094b61d4e00d2a66_1280x720.jpeg

a5377dbd49f827393097fb4a95819387_1280x720.jpeg

Қалған уақытта қозғалысты шектеу ШЫҰ саммитіне қатысушылардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылатын болады.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Posted in Жаңалықтар on Jul 02, 2024