«СПК «Astana» АҚ электрондық аукцион арқылы пәтерлер мен тұрғын емес ғимараттарды сату бойынша өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды. Аукцион бағасын көтеру әдісімен Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) өтеді.
Нысандар келесі тұрғын үй кешендерінде орналасқан: Esil Riverside, Рахат, Turan House, Шеркала, Ainabulaq, Гранд Астана, Кампус, Inju Ishim, Apple City, сондай-ақ К. Азербаев көшесіндегі тұрғын үйде.
Аукционға қатысу үшін өтініштер www.gosreestr веб-порталында 2025 жылғы 2 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 22 шілде сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 22 шілде сағат 10:00-де өтеді.
Бұл ұсыныс аясындағы үшінші аукцион. Ол бағаны көтеру әдісімен өтеді және бастапқы жарнаны төлегеннен кейін қалған сома бойынша 5 жылға дейін бөліп төлеу шартымен іске асырылады. Бұл ретте дисконттау әдісі (NPV) қолданылады. Алғашқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – бастапқы жарна ретінде ең жоғары соманы ұсынған қатысушы деп танылады.
АО «СПК «Astana»-ға конкурс өткізу және өтініш беру мәселелері бойынша байланыс үшін: Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
ЕСКЕРТУ: 2025 жылғы 14 шілде сағат 10:00-де Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша жоғарыда көрсетілген пәтерлер мен ғимараттарды аралау ұйымдастырылады.