Астанада пәтер сатып алу мүмкіндігі: «Astana» ӘКК» АҚ аукцион жариялады

Астанада пәтер сатып алу мүмкіндігі: «Astana» ӘКК» АҚ аукцион жариялады

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерді Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы бағаны көтеру аукционы арқылы сатуға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аукционға Астана қаласы, Нұра ауданы, Күлтегін көшесі, №4 үйдегі пәтерлер қойылған. Бірінші әрлеуде дайындалған бір және екі бөлмелі пәтерлердің көлемі 40,6-дан 67,9 шаршы метрге дейін. Сонымен қатар, бірінші қабаттағы 183,2 шаршы метрге дейінгі коммерциялық нысандар да бар.

Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап 14 наурызға дейін сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 14 наурызда сағат 10:00-де өтеді. Жеңімпаздар 100% төлем жасауы қажет.

Аукционға қатысу және өтінім беру бойынша сұрақтар үшін «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс нөмірлері: +7 (7172) 55-25-05, +7 702 244 33 75 немесе электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Feb 27, 2025