Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) күнделікті мониторинг жүргізілуде

Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) күнделікті мониторинг жүргізілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыруды бақылау мақсатында елордада супермаркеттер мен дүкендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Picsart_24-10-09_16-04-42-885.jpg

«Astana» ӘКК-нің тұрақтандыру қоры қызметкерлері күн сайын «айналым механизмі» бойынша ӘМАТ бағаларын тұрақтандыруды міндетіне алған ірі сауда желілерін тексереді. Бұл супермаркеттер келісімшартқа сәйкес белгіленген бағаларды ұстануға міндетті.

Айта кету керек, «Astana» ӘКК тек тұрақтандыру қорынан жеңілдетілген несие алған сауда орындарын ғана тексереді. Көпқабатты үйлердің жанындағы дүкендер мен басқа да сауда нүктелеріндегі бағаларды қала әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бақылайды.

Posted in Жаңалықтар on Oct 09, 2024