Астанада ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға арналған қолдау орталығы ашылды

Астанада ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға арналған қолдау орталығы ашылды

15 наурыз күні Астана қаласында «KOZIMNIN QARASI» Қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ерекше жандардың ерекше мүмкіндіктерін қолдау орталығы ашылды.

Picsart_24-03-15_18-22-26-831.jpg

«Біздің мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі ерекше жандармен тең орта құрып, қоғаммен арласуына, оқшауланбай, тәуелсіз болуына, инклюзиялық орта құрып, арман мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беру. Жұмысымызды жандандыру мақсатында Астана қаласы әкімдігі АО «СПК Astana» құзіретінен жалға ғимарат алған болатынбыз» - дейді - Жүзбай Серікұлы, «KOZIMNIN QARASI» ҚМҚБ төрағасы, «SHOWDOWN» үстел теннис федерациясының президенті, «Мирас-А» ҚҚ қорының құрылтайшысы.

Picsart_24-03-15_17-46-12-874.jpg

Орталықтың ашылу салтанатына сай лента қию рәсімінен кейін, жиналған қауым үшін концерт қойылды. Іс-шарада алғыс хаттар табысталды.

Picsart_24-03-15_17-37-36-345.jpg

Picsart_24-03-15_17-47-45-569.jpg

Picsart_24-03-15_17-48-02-614.jpg

Picsart_24-03-15_17-48-13-365.jpg

Елордада орын тепкен жаңа орталықты Әлихан Бөкейхан, 25Г мекенжайы бойынша табуға болады.

Picsart_24-03-15_17-43-23-563.jpg

Анықтама үшін: «KOZIMNIN QARASI» Қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандарды тіркеп, оларды сурет салу, вокал, шаштараз, тігін, массажға үйретуде. Сондай-ақ психолог пен заңгерлердің кеңесін тегін алу бойынша қызметтерді қамтамасыз етеді.

Picsart_24-03-15_17-46-23-632.jpg

Picsart_24-03-15_17-48-29-475.jpg

Picsart_24-03-15_18-29-59-687.jpg

Picsart_24-03-15_17-44-56-851.jpg

Posted in Жаңалықтар on Mar 15, 2024