Астанада автотұрақ орындарын электронды аукцион арқылы сату үшін өтінімдер қабылдау басталды

Астанада автотұрақ орындарын электронды аукцион арқылы сату үшін өтінімдер қабылдау басталды

«Astana» ӘКК» АҚ Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінде орналасқан автотұрақ орындарын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы сату үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Сату бағасын көтеру әдісімен электронды аукцион арқылы жүргізіледі.

Нысандар тізімі: Автотұрақ орындары Есіл, Сарыарқа және Нұра аудандарында орналасқан. Олардың ауданы 10-нан 18 шаршы метрге дейін, бастапқы бағасы 1 802 175 теңгеден басталады. Нысандардың толық тізімі gosreestr.kz порталында жарияланған.

Аукцион шарттары:

Өтінімдерді қабылдау: 2024 жылғы 21 қараша сағат 08:00-ден 11 желтоқсан сағат 08:00-ге дейін.

Аукцион күні: 2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 10:00-де.

Екінші аукцион: активтерді бөліп төлеу шарттарымен екі жылға дейін мерзім қарастырылған. Бастапқы жарна – актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс.

Қалай қатысуға болады: Аукционға қатысу және өтінім беру үшін Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тіркелу қажет.

Байланыс деректері: «Astana» ӘКК» АҚ Телефон: 8 (7172) 24 53 31, 8-702-244-33-75 Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 704-кабинет Электрондық пошта: info@astana-spk.kz

Өтінім беріп, өзіңіздің автотұрақ орныңыздың иесі болыңыз!

Posted in Жаңалықтар on Nov 21, 2024