"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу үшін әлеуетті жалға алушыларды іздейді

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу үшін әлеуетті жалға алушыларды іздейді

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу қажеттілігін зерттеуде.

Қазіргі уақытта "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы келесі мекенжай бойынша шағын өнеркәсіптік аймақ құру туралы өтінімді қарастыруда:

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Әлмұхан Сембинов көшесі, 27.

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, әлеуетті резидент төменде көрсетілген құжаттар пакетін қоса отырып, жергілікті атқарушы органға 2-қосымшаға сәйкес өтінім тапсыруы қажет:

заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; мемлекеттік кірістер органында есепке алынған берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтер; жобаға арналған бизнес-жоспар.

Кеңес алу және толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 9-үй, телефон: 8 (7172) 23-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Mar 19, 2025