"Astana" ӘКК" АҚ Астана қаласында шағын өндірістік аймақтарды құру жобаларының іске асырылып жатқанын хабарлайды. Өндірістік ғимараттар келесі мекенжайлар бойынша жеңілдікпен жалға беріледі:
- Алматы ауданы, А187 көше, 7 учаске, Индустриялық парк
- Байқоңыр ауданы, А. Пушкин көшесі, 80 учаске (ЖЭО-2 ауданы)
Жалпы жалға берілетін алаң ауданы – 12 555,28 шаршы метр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың мамыр айы.
Қызығушылық танытқандар алдын ала өтінімдерді info@astana-spk.kz мекенжайына жібере алады.