Жиналысқа ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Д.И. Раимбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Е.Кенебаева, комплаенс-офицерлер, еншілес компаниялардың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында «Astana» ӘКК» АҚ мен оның еншілес компанияларының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындауы баяндалды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және еңбек қызметінің өзге де бұзушылықтарының алдын алу бойынша еншілес компаниялардың қауіпсіздік қызметі бөлімшелерінің комплаенс-офицерлері мен қызметкерлерінің жүргізіліп жатқан жұмысының жай-күйі талқыланды.
Баяндамашылар кеңеске қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша комплаенс-офицерлер өткізетін жұмыстың маңыздылығына аударды. Еншілес компаниялардың комплаенс-офицерлері мен уәкілетті органдар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды болдырмау және іске асырылып жатқан №4 үлгілік базалық бағыт «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы бойынша жоспарланған іс-шараларды тиісінше орындау мәселелерінде өзара іс-қимылын қамтамасыз ету ұсынылды.