"ASTANA" ӘКК" АҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРҒА ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

"ASTANA" ӘКК" АҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРҒА ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

"Аstana" ӘКК" АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік үй-жайларды жеңілдікпен жалға алу қажеттілігін зерттеп жатыр.

Қазіргі уақытта Astana" ӘКК " АҚ мынадай мекенжай бойынша шағын өнеркәсіп аймағын құру жөніндегі өтініш қарастыруда:

• Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, 191-көшесі, 59-ғимарат.

Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, оның әлеуетті резиденті 2-қосымшаға сәйкес шағын өнеркәсіптік аймақ резиденті болуға өтінімді жергілікті атқарушы органға келесі құжаттар топтамасымен бірге тапсыруы қажет:

1) заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) мемлекеттік кірістер органында тіркелген берешектің бар-жоғы туралы мәліметтер;

3) жобаға арналған бизнес-жоспар.

Кеңес алу және толық ақпарат алу үшін келесі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9-үй, телефон: 8 (7172) 23-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Jul 09, 2025