Арстан Арсланбаев «Astana» ӘКК» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрақтандыру қорының мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Арсланбаев еңбек жолын «Astana» ӘКК» АҚ-да 2020 жылдан бастап Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары қызметінен бастады. Ауыл шаруашылығы саласында үлкен тәжірибесі бар: ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының директоры болған. Ресейде және Ұлыбританияда оқыған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты.
