Бүгін «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлері ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысып, аумақты тазартты! Біз сүйікті қаламыздың көркеюіне үлес қосып, аумақты таза ұстау үшін қуана-қуана атсалыстық.
Мұндай бастамалар тек көшелерді таза етіп қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады. Әрқайсымыз қаламыздың тазалығын сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз.
Қаламызды бірге көркейтіп, оны барлық тұрғындарға жайлы әрі әдемі етейік!