«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы сату үшін өтінімдерді қабылдау науқанының басталғанын хабарлайды. Бұл тұрғын емес объектілердің сатылымы электронды аукцион арқылы, бағаны көтеру әдісімен жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу үшін өтінімдер 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 24 қыркүйекке дейін қабылданады. Аукцион 24 қыркүйек 2024 жылы сағат 10:00-де өткізіледі. Сатылымға қойылған объектілерге келесі сипаттамалар кіреді:
- Астана қаласы, Есіл ауданы, А.Бөкейхан көшесі, №25Г үй, н.п.14 – 129,5 шаршы метр, бастапқы баға – 67 252 640 теңге.
- Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал 2 мкр., №33А үй, н.п.435 – 242,4 шаршы метр, бастапқы баға – 171 384 640 теңге.
- Астана қаласы, Есіл ауданы, А.Бөкейхан көшесі, №25 үй, н.п.20 – 184,8 шаршы метр, бастапқы баға – 95 351 200 теңге.
Толығырақ сайтымыздың БОС ҮЙ-ЖАЙЛАР БОЙЫНША КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР бөлімінен оқи аласыздар.
Бұл тұрғын емес үй-жайлар қаланың орталық және стратегиялық маңызды аймақтарында орналасқан, олардың инфрақұрылымы дамыған және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар ұсынылған. Аталған объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталынан табуға болады.
Аукционға қатысу үшін өтінімдер онлайн режимде www.gosreestr.kz порталында 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 24 қыркүйекке дейін сағат 08:00-ден 08:00-ге дейін қабылданады. Электронды сауда-саттықтың өткізу реттемесімен Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында танысуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс нөмірлері: 8(7172) 55 25 05 немесе 8-702-244-33-75. Жұмыс уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өткізіп алмаңыз, сіздің болашағыңызға пайдалы инвестиция жасаңыз!