Аstana" ӘКК" АҚ Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы пәтерлерді сатуға аукционға қатысуға өтініштер қабылдауды бастады. Аукцион арқылы сатылымға шығарылатын пәтерлердің сипаттамалары мен бастапқы бағасы туралы толық ақпарат веб-порталда жарияланған.
Сатылымға ұсынылған пәтерлер:
Астана қаласы, Нұра ауданы, Күлтегін және Қабанбай батыр көшелеріндегі тұрғын үйлерде орналасқан.
Пәтерлердің көлемі 41,7 ш.м.-ден 92,3 ш.м.-ге дейін.
Бастапқы бағалары 16,8 млн теңгеден 30,7 млн теңгеге дейін.
Аукцион 2024 жылдың 24 желтоқсанында сағат 10:00-де өтеді. Өтініштерді қабылдау 20 қараша сағат 08:00-ден 24 желтоқсан сағат 08:00-ге дейін жалғасады.
Аукционға қатысты қосымша ақпарат алу үшін "Astana" ӘКК байланыс орталығына хабарласа аласыз: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
Электронды сауда-саттықтарға қатысыңыз және өз пәтеріңізді таңдаңыз!