«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы жалға беру бойынша өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
2025 жылғы 28 қаңтар мен 14 ақпан аралығында барлық мүдделі кәсіпкерлер тендерге қатысу үшін өтінім бере алады. Сауда-саттық 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 10:00-де өтеді.
Қолжетімді үй-жайлардың тізіміне Нұра және Алматы аудандарындағы мекенжайлар кіреді. Аумағы 115,8 ш.м-ден 167,7 ш.м-ге дейін, бастапқы құны 347 400 теңгеден басталады. Қатысушыларға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үш айлық жеңілдік кезең беріледі.
Барлық коммуналдық шығындарды жалға алушы көтереді, ал жалға беру мерзімі бес жылды құрайды.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75 немесе info@astana-spk.kz электронды поштасы арқылы.
Назар аударыңыз!!! Мәміленің мәні ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін анықтау болып табылады. Кепілдік жарнаның сомасы ай сайын есептеледі.