Назар аударыңыз! Сауда-саттықтың мәні-ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін анықтау. Кепілдік жарнаның сомасы ай сайынғы жалдау төлемдерінің есебіне есептеледі.
Жобаға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 30 қантардан сағат 09:00-ден 13 ақпан сағат 18:00-ге дейінгі мерзімде сканерленген нұсқада info@astana-spk.kz мекенжайына қабылданатын болады.
Ұсынылатын тұрғын емес үй-жайлардың нысаналы мақсаты – коммерциялық қызметті жүзеге асыру. Тұрғын емес үй-жайды жалға беру мерзімі - 5 жыл.
Әлеуетті қатысушы «Astana» ӘКК» АҚ-ға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшысымен толтырылған және қол қойылған өтінішті ілеспе хатпен бірге жіберіп, оған төмендегі құжаттарды қоса тіркейді:
1) Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі жөнінде анықтаманың (куәліктің) көшірмесі, жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу туралы құжатының көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, заңды тұлғаның бірінші басшысына бұйрығы мен оның жеке куәлігінің көшірмесі, заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
2) Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
3) Әлеуетті қатысушының жеке ағымдағы шотынан бекітілген кепілдік жарнаны аудару туралы банк белгісі қойылған төлем құжаты;
4) Ағымдағы шоттың болуы туралы банктен анықтама.
Өтініштер тек шағын және орта бизнес субъектілерінен қабылданады.
Ағылшын әдісі бойынша аукцион арқылы берілетін тұрғын емес үйжайлардың тізбесі: толығырақ
2024 жылдың 07 ақпанда сағат 09.00-дан бастап Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайы бойынша жоғарыда көрсетілген үй-жайларды аралау жүзеге асырылатын болады. Аралап көру Қоғамның шағын автобусымен жүзеге асырылады.
Конкурсты өткізу, өтінімдерді қабылдау бойынша сұрақтар қоюға арналған «Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс ақпараты: тел: 8(7172) 67-29-90, 8702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2 қабат, электронды мекенжайы: info@astana-spk.kz.