«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды сату бойынша аукцион жариялайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды сату бойынша аукцион жариялайды

"Астана" ӘКК" тұрғын үй кешендерінде орналасқан тұрғын емесүй-жайларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) бағаны көтеруге аукцион арқылы сатуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Аукционға қатысуға өтінімдер веб-портал арқылы 2025 жылғы 6 наурызда сағат 08:00-ден 2025 жылғы 27 наурыздың сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Мүлікті сату бойынша электрондық сауданы өткізу регламенті мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жарияланған. "Астана" ӘКК" АҚ-ның конкурс өткізу және өтінімдерді қабылдау бойынша байланыс мәліметтері: Тел.: 8(7172) 55 25 05, 8-702-244-33-75; мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-каб. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz Электрондық порталдың техникалық қолдау қызметі: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Үшінші аукцион активтерді 5 жылға дейінгі бөліп төлеу шартымен сату және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шешім қабылдаған күнге белгілеген базалық мөлшерлемесін ескеру арқылы бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшері актив құнының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы болып есептеледі.

Posted in Жаңалықтар on Mar 06, 2025