«Astana» ӘКК тұрғын емес үй-жайларды сату бойынша аукцион жариялайды

«Astana» ӘКК тұрғын емес үй-жайларды сату бойынша аукцион жариялайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz арқылы сатуға өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

2025 жылғы 29 қаңтар мен 14 ақпан аралығында өтініштер қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 10:00-де өтеді.

Нысандар тізіміне Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын емес үй-жайлар кіреді. Ауданы 18 ш.м.-ден 267,4 ш.м.-ге дейінгі нысандардың бастапқы құны 2 881 891 теңгеден 191 343 977 теңгеге дейінгі аралықта белгіленген. Барлық нысандар бірінші қабаттарда орналасқан және қара немесе таза әрлеуде беріледі.

Аукцион 100% төлем арқылы өткізіледі.

Электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламенті туралы толық ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.

Қосымша ақпарат алу үшін: Телефондар: 8 (7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75 Электронды пошта: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on Jan 29, 2025