«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды сатуға арналған аукционға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын емес үй-жайларды сатуға арналған аукционға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрғын үй кешендерінде орналасқан және компанияның меншігіндегі тұрғын емес үй-жайларды сату аукционына өтінімдерді қабылдауды бастады. Сату Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы бағаны көтеру әдісімен жүзеге асырылады.

Аукцион 19.11.2024 жылы сағат 10:00-де 100% төлеу арқылы бағаны көтеру бойынша сауда-саттық әдісімен өтеді, ал өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 30 қазан сағат 08:00-де ашылып, 2024 жылғы 19 қараша сағат 08:00-ге дейін жалғасады.

Аукционға келесі объектілер ұсынылған:

  1. Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 ықшам ауданы, №33А үй, н.п. 435 (242,4 ш.м) — бастапқы бағасы 171,384,640 теңге.

  2. Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 ықшам ауданы, №33А үй, н.п. 438 (267,4 ш.м) — бастапқы бағасы 188,812,960 теңге.

Өтінімдерді қабылдау және аукцион өткізу бойынша сұрақтар үшін 8(7172) 55 25 05 және 8-702-244-33-75 телефон нөмірлері немесе info@astana-spk.kz электрондық пошта арқылы байланысуға болады.

Posted in Жаңалықтар on Oct 29, 2024