«Astana» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бойынша ынтымақтастыққа шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бойынша ынтымақтастыққа шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдерін сату жөнінде кәсіпкерлік субъектілерін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша өндірушілерді ынтымақтастыққа шақырады.

Қаланың азық-түлік нарығын толықтыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қорында сатуға арналған бакалея және көкөніс өнімдері бар.

«Astana» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі оператор болып табылады.

Оның негізгі бағыттары – ӘМАТ-қа бағаны ұстап тұру, тұрақтандыру қорын құрудағы сатып алу мен қалыптастыру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ кепілдік қамтамасыз етуді ұсыну шарттарында (банк кепілдігі, жылжымайтын мүлік) пайызсыз қарыз беру бөлігінде ӘМАТ-ты іске асыру үшін өндірушілермен, сауда желілерімен ынтымақтастық құру.

Ынтымақтастық туралы толығырақ ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 8 /7172/ 55-25-04, 23-59-65.

Posted in Жаңалықтар on Sep 08, 2020