"Astana" ӘКК" АҚ Тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады

"Astana" ӘКК" АҚ Тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырады

"Astana" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша ынтымақтастыққа шақырады.

Ол үшін Елордалық тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерге жеңілдікті қарыздар береді. Мұндай кредиттердің сыйақы мөлшерлемесі - 0,01%. Бұл елдегі несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі көрсеткіші.

Қарыз сомасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындалады. Жеңілдікті несиені ірі бизнес өкілдері де, шағын және орта бизнес өкілдері де ала алады.

Кеңес беру телефоны: 8 (7172) 55 25 07

Posted in Жаңалықтар on Sep 20, 2024