«Astana» ӘКК» АҚ тұрақ орындарын сату бойынша аукционға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрақ орындарын сату бойынша аукционға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

"Аstana" ӘКК" АҚ Есіл және Нұра аудандарында электрондық аукцион арқылы сатылатын автотұрақ орындарына өтініштер қабылдауды бастағанын хабарлайды.

Аукцион 2025 жылғы 26 наурызда сағат 11:00-де өтеді. Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентімен және қатысу шарттарымен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz танысуға болады. Өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 6 наурызда сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 26 наурызда сағат 08:00-ге дейін жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс деректері

Телефон: 8(7172) 24 53 31, 8-702-244-33-75; Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 704-кабинет; Электрондық пошта: info@astana-spk.kz; Электрондық порталдың техникалық қолдауы: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: 9:00-18:30.

Айта кетейік, екінші аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі, активтерді 2 (екі) жылға дейін бөліп төлеу шарттарымен жүзеге асыру қарастырылған. Ай сайынғы төлем жасау міндетті, ал бастапқы жарна көлемі актив құнының кемінде 50% (елу пайызын) құрауы тиіс. Жеңімпаз ретінде ең жоғары бастапқы жарна ұсынған қатысушы танылады.

Posted in Жаңалықтар on Mar 06, 2025