«Astana» ӘКК» АҚ тұрақ орындарын сату бойынша аукционға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

«Astana» ӘКК» АҚ тұрақ орындарын сату бойынша аукционға өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

«Astana» ӘКК» АҚ меншігіндегі тұрақ орындарды Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы бағаны көтеру әдісімен аукцион арқылы сатуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-ден 2025 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-ге дейін. Аукцион өткізу күні: 2025 жылғы 5 наурыз, сағат 10:00.

Аукционға Астана қаласының Есіл, Сарыарқа және Нұра аудандарындағы тұрақ орындары қойылған. Площады 10,1-ден 17,9 шаршы метрге дейін, бастапқы бағасы 1 669 191 теңгеден 2 712 554 теңгеге дейін.

Толық тізім және қатысу шарттары Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында қолжетімді.

«Astana» ӘКК» АҚ-ның байланыс ақпараты: Тел.: 8(7172) 24 53 31, 8-702-244-33-75 Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2 қабат, 704 каб. Email: info@astana-spk.kz

Электронды порталдың техникалық қолдауы: 55-29-81 (ішкі 110, 112, 119), жұмыс уақыты: 9:00–18:30 (дүйсенбі–жұма).

Posted in Жаңалықтар on Feb 14, 2025