«Astana» ӘКК тұрақ орындарын сатуға аукцион бастады

«Astana» ӘКК тұрақ орындарын сатуға аукцион бастады

«Astana» ӘКК» АҚ Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінде орналасқан тұрақ орындарын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы сатуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Аталған тұрақ орындары бағаны көтеру арқылы электронды аукционда сатылады.

Аукционға қатысу үшін өтінімдер 2024 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 25 қыркүйекке дейін қабылданады. Аукцион 25 қыркүйек 2024 жылы сағат 10:00-де онлайн форматта өтеді.

Сатылымға қойылған тұрақ орындарының кейбір сипаттамалары:

  • Есіл ауданы, Ш.Айтматов көшесі, №33 үй, п.м.40 – 17.5 ш.м., бастапқы баға – 2 882 239,36 теңге.
  • Сарайшык көшесі, №4 үй, п.м.126 – 14 ш.м., бастапқы баға – 2 240 695,52 теңге.

Толығырақ БОС ҮЙ-ЖАЙЛАР БОЙЫНША КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУЛАР бөлімінен көре аласыздар.

Толық сипаттамалар мен объектілердің тізімін www.gosreestr.kz сайтынан таба аласыз. Өтінімдер веб-порталда 6 қыркүйектен бастап 25 қыркүйекке дейін қабылданады, ал аукцион 25 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін:

  • 📞 8(7172) 24 53 31
  • 📱 8-702-244-33-75
    Электронды мекенжай: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on Sep 06, 2024