«Astana» ӘКК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Astana» ӘКК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Astana» ӘКК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты – «Astana» ӘКК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі сыбайлас жемқорлық факторлары, саяси мемлекеттік қызметшілердің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін отставкаға кетуі, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, Халықаралық қаржы орталығының өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, қаржы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жайлы айтты.

Кеңес соңында спикерлер "Astana" ӘКК " АҚ ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының барлық сұрақтарына жауап берді.

Posted in Жаңалықтар on Sep 28, 2020